Ғасыр перзенті

          2023 жылдың 25 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Хамза Есенжановтың туғанына 115 жыл толуына орай  «Ғасыр перзенті» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,оқырмандарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетті сүюге,патриотизмге баулу. Іс-шараға  мектеп оқушылары қатысты.

      Кеш барысында  кітапханашы Хамза Есенжановтың өмірбаянына кеңінен тоқталып, балаларға қызықты ақпараттар берілді. Шоқтығы биік шығармаларының бірі «Ақжайық» трилогиясы  және «Жүнісовтер трагедиясы» оқырмандарға таныстырылып, мазмұны кеңінен талқыланды. Іс-шара соңында  «Ғасыр перзенті» кітап көрміне  шолу жасалды.

5 (11)  7 (6)  6 (7)  8 (6)  10