Ата заң – елдігіміздің еңсесі!

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде  2018 жылдың  24 тамыз күні  «Ата  заң – елдігіміздің еңсесі»  тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.  Іс-шараға қаладағы мемлекеттік мекемелердің заңгерлері,қалалық әділет басқармасының қызметкерлері , кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақсаты: ҚР конституциясының тарихына шолу жасау, оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Қазақ елі тәуелсіздік алып, өз Конституциямызды қабылдағанымызға биыл 23 жыл толып отыр. Ата Заң біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз  қызмет етіп келеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Кітапханашы М. Айтжанова ел Конституциясы- адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылатынына тоқталып, тақырып төңірегінде пікір алмасуға шақырды. Іс-шара барысында оқырмандар қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық негізі болып табылатын Ата Заңымыз – Конституция туралы өзіндік ой-пікірлерін бөлісіп, ой толғады. Оқырмандар назарына «Ата заңым - мақтанышым» , «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң» атты кітап көрмелері ұсынылды.

1 3 4 5 6 7 8 9 10