Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманы

11 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында  Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасына 300 жыл толуына орай  №1 мектептің оқушыларының қатысуымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама  заманы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: оқырмандарды 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету;       

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қазақ тарихында өшпес із қалдырғанын, болашақ ұрпақ үшін ешқашан ұмытылмайтыны жайында кітапханашы Сүлейменова А айтып, қорытынды жасап, кітап көрмесімен таныстырып шықты.