Ақтабан шұбырынды-ұлы қасірет жылдары

2023 жылдың 20 маусым  күні кітапхананың «Білім»  орталығында "Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама" оқиғасының 300 жылдығына арналған "Ақтабан шұбырынды- ұлы қасірет жылдары" тарихи-танымдық  кеш өткізілді.Тарихи кешке № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

    Мақсаты: Қазақстан тарихын насихаттау, "Ұлы апат жылдарын" қарастыру, қазақ халқының жоңғарлармен күресінің тарихи маңызын анықтау.;

      Кітапханашы Г.Тельтаева оқушыларға 18 ғасырдың басындағы қазақтардың өміріндегі апатты оқиға туралы айтып берді. Ұлы қасірет 1723 жылы сан жетпейтін жоңғар әскерінің жазғы жайылымдарға қоныс аударуға дайындалып жатқан және ешкімнен қауіп күтпеген қазақтарға кенеттен шабуыл жасауымен басталды. Ұлы зұлмат кезінде қазақ халқы құнарлы жайылымдарын жоғалтты, көшіп-қонудың дәстүрлі бағыттары бұзылды, сауда, қолөнер орталықтары құлдырады, мал саны күрт азайды.    Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атауға ие болды

       Іс-шара барысында Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жыры тындалып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қазақ тарихында өшпес із қалдырғанын, болашақ ұрпақ үшін ешқашан ұмытылмайтыны жайында кітапханашы Г.Тельтаева айтып, қорытынды жасап, кітап көрмесімен таныстырды.

 

4 (5) 5 (5) 6 (3) 7 (4)  11 (3)