Атақты тарихшы
2024 жылдың 27 ақпан күні көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш тарихшысы, философы, әскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдық мейрейтойына орай «Атақты тарихшы» атты тарихи кеш өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: алғашқы қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы туралы ой-қозғап, оның шығармасы қазіргі біздің қоғамда ұлағатты орын алатынын дәлелдеу; Мұхаммед Хайдар Дулати ғылыми қызметін бағалау, оның тұлғалық қасиеттерінен үлгі алу.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға М.Х.Дулатидің өмірі мен қызметін, шығармаларын таныстырып, «Атақты тарихшы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.