«Ауған қасіреті»

2021 жылдың 12 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім» орталығында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына арналған «Ауған қасіреті» атты кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Кездесу кешке ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Полат Қанатұлы және 44841 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кабышев Ринат Маратұлы, әскери бөлімнің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, Ауғанстандағы соғыс туралы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Бүгінгі кездесу кештің басты қонағы ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Полат Қанатұлы соғыс кезіндекөрген қиыншылықтары мен бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып, әсерлі әңгіме жүргізді.

 

2 33 44 55 66 88