Ауған соғысы- тарихтың қасіретті парағы»

2020 жылдың  13 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысы-тарихтың  қасіретті  парағы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешке Ауған соғысының ардагерлері Акмурзаев Бердібек Тауасканұлы, Турлыбаев Полат Канатұлы  және 44841әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары  подполковник Кабышев Ринат Маратұлы, әскери бөлімнің жеке құрам қызметкерлері мен сарбаздары   қатысты.

     Мақсаты: : Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу; Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету;

      Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды, кітапханашы И.Талханбаева оқырмандарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, Ауғанстандағы соғыс туралы түсірілген бейнеролик және «Ауғанның отты жалыны»  атты  презентация  көрсетілді.

        Бүгінгі кездесу кешіміздің басты қонақтары ауған соғысының ардагерлері Ақмурзаев Бердібек Тауасқанұлы, Турлыбаев Полат Қанатұлы соғыс кезінде көрген  қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып, сарбаздармен әсерлі әңгіме жүргізді. «Ауғанның асуында от кешкендер» атты көрме қойылып,  библиографиялық   шолу жасалды.      

     Сондай-ақ, 44841 әскери бөлімнің жеке құрам қызметкерлері мен сарбаздары кітапханада ашылған «Білім» орталығымен және 2020 жылғы мерейтойларға байланысты  қойылған  кітап  көрмелерімен танысты.

DSC_0012 DSC_0014 DSC_0020 DSC_0034 DSC_0036 DSC_0045 DSC_0053 DSC_0054 DSC_0056