Ауған соғысының жаңғырығы

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Осы орайда кітапхананың «Білім» орталығында «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбында құрмет кеші өткізілді. Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа  жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Приозерск горнизонындағы 44841, 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері, қалалық №1 орта мектебінің оқушылары мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Құрмет кешіне Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер Бердібек Ақмурзаев арнайы шақырылды. Ауғанстан елінде қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, «Ауған соғысы» атты деректі фильм көрсетілді. Ардагер Б.Ақмұрзаев соғыс жайлы айтып, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Сонымен қатар 06708 әскери бөлімнің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Тілек Кенжебеков сөз сөйледі. Іс-шара барысында «Ауған соғысының жаңғырығы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.