«Ауғанның асуында от кешкендер»
2018 жылдың 14 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.Іс-шараға № 2 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді.Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. К
Бүгінгі кездесу кешіміздің басты қонағы ауған соғысының ардагеріПазилов Абдикадир Жанабаевич оқушыларға осы соғысқа қалай барғаны жайлы өз ойымен әсерлі бөлісті. Оқушылар Абдикалык А.,Бекасылова Г,Серикбаева С ауған соғысы жайлы тақпақтар айтты.Оқушылар сұрақтар қойып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Оқырмандар назарына «Ауғанстан жүректегі жара», «Жарияланбаған соғыс» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.