«Ауғанның отты жалыны»

2022 жылдың 14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай қалалық кітапханада «Ауғанның отты жалыны» атты  Ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Полат Қанатұлымен кездесу   кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кеш: ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету бір минут үнсіздік және ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Кездесу кеш: 44841 және 06708 әскери бөлімінің жауынгерлерінің қатысуымен өтті. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Д.Төлбасы Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, Ауғанстандағы соғыс туралы түсірілген бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушылары би билеп өнерлерін көрсетті. Бүгінгі кездесу кештің басты қонағы ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев П.Қ соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, сұрақ-жауап алысып, әсерлі әңгіме жүргізді. Бұл кездесу үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Іс-шара барысында «Ауғанның отты жалыны» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.26 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.27 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.31 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.33 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.34 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.32.36 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.40.40 WhatsApp Image 2022-02-14 at 12.43.28