«Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»
2019 жылдың 05 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Дүниежүзілік денсаулық күніне «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары және медбике қызметкері қатысты.
7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.
Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.
Кеш барысында тақырыпқа байланысты бейне слайд, «Денсаулық-зор байлық» атты
кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.