Айбынды азаматтар
7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінде «Айбынды азаматтар» атты патриоттық сағат өтті. Мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Іс-шараға 8 сынып оқушылары қатысты.