Айдыны кең, арқалы ақын

 

 

2023 жылдың 14 тамыз күні кітапхананың «Білім» орталығында  ақын, жазушы Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Айдыны кең, арқалы ақын» атты лирика сағаты өтті. Мақсаты: Ғафу Қайырбековтың шығармашылығымен таныстырып, ақын шығармашылығын насихаттау арқылы  поэзияны сүюге, оны бағалай білуге баулу ;      Ғафу Қайырбеков – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы өнер тудырған аса көрнекті ақындардың бірі. Ана тілінде алғаш рет ұйқасты сөз құрастырып, өлең жаза бастағанынан өмірінің соңғы күндеріне дейіңгі жарты ғасыр ішінде ол өте өрнекті еңбек етіп, туған әдебиетіне мол да қымбат мұра қалдырды. Іс-шара барысында ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы слайд көрсетіліп, оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқырмандар назарына «Айдыны кең, арқалы ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

7 (2) 6 (2) 5 (5)

 

7 (2) 6 (2) 5 (5)