«Ақын әлемі»

2019 жылдың 15 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде көрнекті ақын Сағи Жиенбаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Ақын әлемі» атты поэзия әлеміне саяхат кеші өтті.

Мақсаты: қазыналы қазақ  лирикасына әуезді үн қосқан ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы жастарды, оқырман қауымды жан тазалығына, адамгершілікке шақыру;

Іс-шара барысында ақын жырлары оқылып, оның өлеңдеріне жазылған сырлы әуендер – «Айналдым, елім», «Ана», «Ауылға қайтып келем» әндері шырқалды. Қалалық  кітапхана жүйесінің кітапханашысы Жанна Досмуратова сайын даламыздың сыршыл жүрегі – ақын Сағи шығармашылығына арналған «Сырлы ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

DSC_0084 DSC_0092