Аңырақай шайқасы – ұлы бірліктің жеңісі

2024 жылдың 4 қараша күні кітапхананың оқу бөлімінде Аңырақай шайқасына 295 жыл толуына орай  «Аңырақай шайқасы – ұлы бірліктің жеңісі" тақырыбында  тарихи- танымдық кеш өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Аңырақай шайқасы және оның тарихи маңызын көрсету, Аңырақай шайқасына қатысқан ұлы батырлардың ерлік жолы туралы түсінік беру;

Аңырақай шайқасы – қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға негіз болған қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі және шешуші соғыстардың бірі. Қазақтың үш жүзінің сарбаздарынан құралған халық жасағы басқыншы-жоңғарларды біржолата жеңді. Байырғы күшті де қаһарлы қарсыласын осыған дейін жаулап алған қазақ жерінен қуып шықты.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың ерлігі жайында  айтып өтті. Іс шара барысында «Аңырақай шайқасы – ұлы бірліктің жеңісі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды