Аңыз тұлға

2023 жылы 19 мамыр күні « Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде  араб және парсы тілдерін меңгерген фольклорист, этнограф, тарихшы, талантты ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған  «Аңыз тұлға» тақырыбында тарихи сағат өтті. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, оқушылар қатысты.

Кітапханашы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өнегелі өмірі туралы  оқырмандарға айтып өтті. Іс-шара соңында «Аңыз тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылды.