«Қаз дауысты Қазыбек би»

2022 жылдың 25 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Түркі әлемінің генезисі» жобасы аясында қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай кітапхананың тұрақты оқырмандар арасында ZOOM платфоормасы арқылы «Қаз дауысты Қазыбек би» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Аталған кештің мақсаты: Қазақтың аса айбынды билерінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру. Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.