Қазақ ғылымының атасы

2024 жылдың 12 сәуір күні Кеңес Одағының геологы, ғалым, қоғам қайраткері Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ ғылымының атасы» тақырыбында кітапханада тарихи танымдық сағат өтті.

        Мақсаты: қазақтың тұңғыш геологы, академик, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.

       Іс-шара барысында Қаныш Сәтбаевтың өмірі, артында қалдырған ғылыми мұралары жайлы оқушыларға айтылып, «Қазақ ғылымының атасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, талқыланды.

436402018_1141197773679163_8980442332383828902_n  9 (1) 7 (1)