Қазақ батыры-Қаракерей Қабанбай

16 сәуір күні қолбасшы, батыр, мемлекет қайраткері  Қаракерей Қабанбай  батырдың туғанына  330 жыл толуына орай « Қазақ батыры-Қаракерей Қабанбай» бейнеролик көрсетілді. Мақсаты:  дарабоз – батыр, талантты қолбасшының ерен ерлігі мен  батырлығын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, туған жерін, елін, суюге тәрбиелеу.

Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік күресін  Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәттіқара т.б. халық ақындары жырларында арқау етсе, жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жазған.