Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы
2023 жылдың 7 қараша күні қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Темірбек Жүргеновтың өмір жолы мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегін насихаттау;
Іс-шара барысында кітапханашы қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті. Шара соңында Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы» атты деректі фильмі көрсетіліп, кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.