«Қазақ әдебиетінің археологы»
2020 жылдың 4 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым, филология ғылымдарының докторы, мемлекет сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауиннің 80 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің археологы» атты танымдық кеш өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету;
М.Мағауин –жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, сыншы, қоғам қайраткері. әдебиеттің археологы, филология ғылымының кандидаты, сөз өнерінің хас шебері,ұлттық сана мен сезімнің, парасат пен ойдың, әлемдік әдебиет биігіне көтерілген, ұлттар мен ұлыстардың сүйікті де талантты жазушысы.
Іс-шарада жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, сыншы, қоғам қайраткері Мұхтар Мағауиннің өмірбаяны мен шығармалары, еңбектері жайында оқушыларға толық мағлұмат беріліп, « Әдебиет өнер айнасы» жазушы туралы презентация көрсетіліп, «Бір атаның балалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.