Қазақ детективінің дарабозы

2023 жылдың  10 қазан  күні  жазушы, ҰОС ардагері, Қазақстандағы детектив жанрының негізін салушы, көрнекті қайраткер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детективінің дарабозы» тақырыбында № 1 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқырмандар назарын ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғаға аудару, Кемел Тоқаевтың шығармашылығымен таныстыру;

Кемел Тоқаев — қазақ детективінің негізін қалаушы. Детектив- əдеби жанрлардың ішіндегі жылдам оқылатын, оқырманды бірден баурап алатын жанрлардың қатарына жатады .Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» сияқты шығармалары оны бұл жанрды биік көркемдік деңгейге жеткізген дара автор ретінде танытты. Кемел Тоқаев өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің жұмбақ құпиясын шешіп, шытырман оқиғалардың иірімдерін тарқатып, боямасыз шебер жеткізе білген.

Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы оқушыларға қысқаша айтып өтті . «Қазақ детективінің дарабозы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.