Қазақ киносының саңлағы

      

         2024 жылдың 15 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында КСРО халық әртісі, көрнекті театр және кино актері, режиссер Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай « Қазақ киносының саңлағы» тақырыбында еске алу кеші ұйымдастырылып өткізілді.  Мақсаты: қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру;

      Іс шара барысында оқушыларға слайд-шоу арқылы Халық әртісінің өмір баяны көрсетілді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жақсы жауап қайтарып отырды. «Қазақ киносының саңлағы» атты кітап көрмесінің алдында әңгіме-талқылау өткізілді.

 

6 (6)  5 (8)  8 (5)  9 (6)