Қазақ киносының саңлағы
2026 жылдың 2 қазан қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханада «Қазақ киносының саңлағы» атты ақпараттық-танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосқан Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беру, режиссердің ұлттық кино өнеріндегі еңбегін насихаттау, жас ұрпақтың өнерге, мәдениетке және отандық киноға деген қызығушылығын арттыру. Кеш барысында режиссердің шығармашылық жолын таныстыратын бейнеролик көрсетіліп, оның танымал фильмдері мен кино өнеріндегі орны туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, кітапхана қорынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға көрмедегі әдебиеттер таныстырылды. Көрме арқылы қазақ киносы, режиссерлер мен отандық кино өнерінің тарихы туралы кітаптар ұсынылды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушыларға Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ киносына қосқан үлесі туралы ақпарат берілді.





