Қазақ кітабы әлем сөресінде

       22 сәуір күні «Кітап – достық амбасадоры» апталығы аясында «Қазақ кітабы әлем сөресінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейдегі орны мен маңызы туралы ой бөлісті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және қазақ қаламгерлерінің шығармаларын кеңінен таныстыру.

       Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, мазмұнды пікір алмасу өтті. Оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Қазақ кітабы әлем сөресінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.