Қазақ операсының сазгері

Қалалық кітапхананың «Білім» орталығында 13 наурыз күні композитор, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ операсының сазгері» тақырыбында элегия кеші өткізілді.

Кеш мақсаты: аса көрнекті композитор, қазақ жазба музыкасының негізін қалаушылардың бірі М.Төлебаевтың шығармаларын өзіне тән мазмұндылығын, көркемдік құндылығын насихаттау. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шара барысында кітапханашы Мұқан Төлебаев туралы баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Сұрақтар қойылып, кітап көрмесімен таныстырылды.