Қазақ поэзиясының Құлагері

Қазақ  әдебиетіндегі  үш  бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 125 жыл. Мерейлі датаға орай 2019 жылдың 3 мамыр күні  «Приозерск қалалық  кітапханасы» КММ-нің  балалар бөлімінде  «Қазақ поэзиясының Құлагері»  атты  әдеби кеш  өтті. Кешке №2 жалпы білім беретін орта мектептің  8 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: ауқымды әрі өткір шығармасымен  оқырманын өзіне баурап алатын Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, қаламы жүйрік жазушының туындыларына  тағы да бір көз жүгірту. 

Ілияс Жансүгіров  — халық аңыз-әфсаналарының буырқанған қайнар көзінен қуат алған ақын. Қазақ әдебиетінің құлагері атанған ақын, аудармашы өзінің қысқа ғұмырында көптеген шығармалары мен аудармаларын жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған.  Қаламгердің терең тынысты, танымдық шығармалары туған өлкесі Жетісудың  ғажайып сұлулығын танытады. 

Кеш барысында  ақынның көптеген шығармаларынан үзінді оқылып, өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар да жасалды. Оқырмандар назарына «Поэзия құлагері», «Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі» атты кітап көрмелері ұыснылды.

DSC_0003 DSC_0010 DSC_0011 DSC_0012 WhatsApp Image 2019-05-03 at 15.32.44 WhatsApp Image 2019-05-03 at 15.32.44