Қазақ поэзиясының құлагері

Ағымдағы жылдың 10 мамыр күні Қазақ ақыны, драматург, прозаик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының құлагері» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке №1 жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: ауқымды әрі өткір шығармасымен оқырманын өзіне баурап алатын Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, қаламы жүйрік жазушының туындыларына тағы да бір көз жүгірту.

Кеш барысында кітапхана қызметкері ақынның өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріп, ақын қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, мақалалар, фотосуреттермен және «Қазақ поэзиясының құлагері» атты кітап көрмесі ұсынылды.