Қазақпын деп мақтанамын»

2023 жылдың 30 қазан күні кітапхананың оқу бөлімінде  Ақын, демократ, XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай « ...Қазақпын деп мақтанамын» тақырыбында танымдық кеш өтті.

Мақсаты:  Қазақтың көрнекті ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі және шығармашылығымен  танысу,  бүгінгі  жас ұрпақ  та үлгі – өнеге тұтып, болашақта  ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.;

 Іс-шараға № 1 мектептің 9 сынып  оқушылары қатысты.

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы, қазақ жастарының білімге, мәдениетке құштарлығын жырлайды. Осы тақырып оның «Адасқан өмір», «Кедей», «Кім жазықты», «Қамар сұлу» шығармаларында, «Тәліптерге», «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінде көрініс тапқан.

Іс-шара барысында кітапханашы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. «...Қазақпын деп мақтанамын» атты кітап көрмесі ресімделіп, шолу жасалды.