Қазақстан – ядролық қарусыз әлем

2018 жылдың 28 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай  «Қазақстан – ядролық қарусыз әлем»  атты  ақпараттық  шолу  өтті.  Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жастар енбек  жасақтары қатысты.  

Мақсаты:  өскелең ұрпаққа Қазақстанның бейбітсүйгіш саясаты туралы ұғымды сіңіру, оларды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулу;

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні» деп жариялады, міне, осы кезден бастап халықаралық қауымдастық бұл күнді жыл сайын атап өтеді. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықаралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын.

Шара барысында «Ядролық қарудан азат әлем» атты кітап көрмесі құрылды. Көрмеге Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасыр әлемі», К.Бозтаевтың «Семей полигоны» , Е.Байғабылұлының «Ядролық зұлмат» кітаптары, сондай-ақ, мерзімді басылым бетіндегі материалдар оқырмандар назарына ұсынылды.

1 2 3 4 5

6