«Қазақстан-алғыс арқалаған азатты ел»
2018 жылдың 28 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған « Қазақстан – алғыс арқалаған азатты ел» атты тақырыптық кеш өтті.
Іс – шараға №1мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Адамдар арасындағы «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, Алғыс айту күні мерекесінің мағынасын ашу.
Алғыс айту күні Мемлекет басшысының бастамасымен 2016 жылы бекітіліп, сол күні алғаш рет тойланған болатын . Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады. Бойымызда, қолымызда бар нәрсеге алғыс айту – азатты елдің әр азаматының арқалаған парызы. Кеш барысында оқушыларға алғыс айту күнінің шығу тарихы мен тойлану үрдістері кеңінен тарқатылып айтылды.Сондай – ақ тақырыпты кеңірек ашу мақсатында оқушылардан ситуациялық сұрақтарға жауаптар алынды. Әлем елдері алғыс айту күнін қалай тойлайтыны жөнінде оқырмандарға презентация көрсетіліп, оқу бөлімінде тақырыптық кешке арналған «Алғыс айту - парызым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.