Қазақстан-біздің ортақ үйіміз
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 26-сәуір күні 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» атты достық сағаты өткізілді. Іс-шараға №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күнін оқушыларға кеңінен насихаттау; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болдуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып, бірге жүріп келеді.
Кітапханашы оқушыларға Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрі, өнері жайында кеңінен мағлұмат берді. «Бірлігіміз жарасқан» атты слайдты тамашалап, «Достықтың алтын көпірі» көрмесімен танысты. Орыс, әзірбайжан, кәріс ұлтының балалары қазақ халқының қонақжайлығы жайында өз пікілерін білдіріп, осындай қазақтай пейілі кең, көңілі ашық елде тұратындықтарын мақтаныш сезіммен тебірене айтып берді. Отан туралы, бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік, достық жайлы тақпақтар оқып, Ынтымақ, бірліктің символы көгершін қанаттарына елге, Отанға, отбасына деген ақпейіл тілектерін жазды. Бір-бірлерін мерекемен құттықтады. Ал достық сағаты аяқталған соң барлық оқушылар қолдарына бейбітшілік көгершіні мен шарларын ұстап, естелікке суретке түсті. Достық сағаты барлық оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.