Қазақстан еліне саяхат

2023 жылдың 23 қазан күні Республика күніне орай «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында әңгіме шолу өтті. Іс-шараға № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Республика күні туралы қысқаша айтып өтті. «Қазақстан еліне саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылып, республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді.