Қазақстан еліне саяхат
25 қазан Республика күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Қазақстан еліне саяхат» тарихи - ақпараттық кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, табиғи байлықтарымен және ұлттық құндылықтарымен таныстыру; отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және туған жерге деген құрметті арттыру.
Кеш алдымен еліміздің әнұранымен басталды. №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысуымен өткізілген іс-шара барысында Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихына шолу жасалып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен мәдени мұралары туралы мәліметтер ұсынылды. Оқушылар «Қазақстанның көрікті жерлері», «Ұлы тұлғалар ізімен» атты бейнероликтер тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Қазақстан еліне саяхат» атты тарихи - ақпараттық кеш қатысушыларға еліміздің бай тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Іс-шара оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық мақтаныш сезімін оятты.


