Қазақстан өнерінің мақтанышы

2022 жылдың 5 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында кітапхананың «Білім» орталығында Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр актері, тұғырлы тұлға Асанәлі Әшімұлы Әшімовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақстан өнерінің мақтанышы» тақырыбында әнгіме шолу өткізілді.   Мақсаты: қазақ киносының саңлағы, дарынды актер Асанәлі Әшімовтың халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы актердің өмірі жайлы ақпарат беріп, оқырмандар арасында сұрақтарға жауап беріліп, әңгіме шолу жоғары деңгейде өтті. Бейнеролик қойылып, кітап көрмесі таныстырылды.

3 4 5 7 9 11