Қазақстанның ғарыш қақпасы

«Байқоңыр» ғарыш айлағына 70 жыл толуына орай 2025 жылдың 2 маусымында «Қазақстанның ғарыш қақпасы» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы ақпарат беру; ғарыш әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін ояту;
Шара барысында оқырмандарға «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар сұрақтар қойылып, Байқоңыр туралы кітаптар ұсынылды. «Қазақстанның ғарыш қақпасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.