Азат елдің тірегі
25 қазан – Республика күніне орай «Азат елдің тірегі» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру және отансүйгіштік рухты нығайту. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шараға әскери бөлім сарбаздары мен мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандарға Республика күнінің тарихи маңызы, еліміздің егемендік жолындағы жетістіктері мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері туралы тағылымды мәліметтер берілді. Бейнеролик көрсетіліп, еліміздің тарихы мен жетістіктеріне шолу жасалды. Патриоттық сағаттың қызықты өтуіне арнайы ұйымдастырылған танымдық ойындар мен сұрақ-жауап сайыстары ерекше ықпал етті. Әскери бөлім сарбаздары мен оқушылар ойындарға белсенді қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Сонымен қатар «Азат елдің тірегі» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Қазақстанның тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ел бірлігі мен отансүйгіштік тақырыбындағы әдебиеттер қойылып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат ұсынылды.









