А.Затаевич-ұмытылмас тұлға

2024 жылдың 26 наурыз күні кітапханада композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері А.Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына орай «А.Затаевич – ұмытылмас тұлға» тақырыбында әдеби сағат өтті. Іс-шараға Приозерск горнизонындағы 60601 әскери бөлімшенің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері қатысты. Шараның мақсаты — атақты этнографтың мерейтойын тойлау ғана емес, сонымен қатар ғұрыптық дәстүрлердің қазіргі замандағы қолданысы мен сақталуы мәселелерін саралау;

Іс-шара барысында А.Затаевичтің заманауи қазақ музыка өнерінің дамуына зор ықпал еткені жайлы, оның өмірбаяны, шығармашылық жолы туралы қызықты мәліметтер айтылды. «А.Затаевич – ұмытылмас тұлға» атты кітап көрмесі таныстырылып өтті.