Азаттық аңсаған арлы азамат

Жазушы, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапхананың «Білім» орталығында 2025 жылдың 12 мамырында «Азаттық аңсаған арлы азамат» тақырыбында әдеби сандық өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға Әнуар Әлімжановтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, жазушының кітаптарымен таныстыру;
Әдеби сандық барысында оқырмандарға слайд арқылы Әнуар Әлімжановтың өмірбаяны, шығармашылығы мен кітаптары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жазушы туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар қойылды. Оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырды. «Азаттық аңсаған арлы азамат» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.