Азаттықты аңсаған ұлт көсемі
2025 жылдың 25 қараша күні қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» атты тарихи-әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның Алаш қозғалысындағы тарихи рөлін ашып көрсету. Оқушылардың ұлттық сана-сезімін, отансүйгіштік қасиетін арттыру, еркіндік пен тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру.
Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс–шара барысында кітапханашы ақынның туған жері, балалық шағы, мұғалімдік қызметі, ағартушылық еңбегі туралы мағлұмат берді. Осы кешке қалалық кітапхананың қорынан арнайы кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге Міржақып Дулатұлының кітаптарымен қатар ол туралы кітаптар, энциклопедиялар, газеттер-журналдар қойылды. Көрмедегі кітаптар, фотосуреттер, құжаттарға қысқаша шолу жасалды.




