Қазақтың айбынды ханы – Абылай

        2026 жылдың 9 сәуір күні кітапхананың оқу залында қазақ халқының біртуар мемлекет қайраткері, қолбасшы Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына орай «Қазақтың айбынды ханы – Абылай» атты тарихи-ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Абылай хан өмірі мен ерлігін насихаттау, тарихи тұлғаның ел бірлігін сақтаудағы рөлін түсіндіру, жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру.

      Шара барысында қатысушыларға Абылай ханның өмір жолы, үш жүздің басын біріктірудегі еңбегі, ел тәуелсіздігі үшін жүргізген саясаты туралы кеңінен ақпарат берілді. Тарихи деректер мен қызықты мәліметтер айтылып, қатысушылар пікір алмасты. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.