«Қазақтың бұлбұлы-Роза»

Биыл халық әртісі, танымал әнші Роза Бағланованың дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Осыған орай 2022 жылы 5 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақтың бұлбұлы-Роза» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірі мен шығармашылығы жайлы, репертуарының сан-алуандығы, халық әндерін ғана орындап қоймай, өзге ұлт өкілдерінің өлеңдеріне ән салғандығымен таныстыру, қазақ халқының дәстүрлі әндеріне деген қызығушылықтарын ояту;

Кеш барысында кітапханашы Роза Бағланованың өмірбаянымен таныстырды.

Роза Бағланова - қазақ халқының әндерін және Қазақстанның композиторларының шығармашылығының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті әнші.