Қазақтың данагөй абызы

2023 жылдың 27 ақпан күні кітапханада қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай "Қазақтың данагөй абызы" тарихи-танымдық кеш өткізілді. 44841 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен өткізілген іс-шараның мақсаты: өз заманының ханы да, батыры да, биі де болған дала данышпаны Төле би Әлібекұлының өсиеттерін тәуелсіз еліміздің рухани өсіп-өркендеуіне, жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Кітапханашы ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің өмірі мен шығармашылығы туралы өмірбаяндық мәліметтер, естеліктер жастарға патриоттық тәрбие беруде баяндама оқып, слайд көрсетілді.