Қазақтың ұлы жырауы

2018 жылдың мамыр айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақтың ұлы жырауы,18 ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы,әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар Жырау Қалқаманұлының  туылғанына 350 жыл толуына орай «Қазақтың ұлы жырауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге №1,2 мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі жайлы әңгімелеу, оқушылардың қызығушылығын арттыру, туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу, бірлікке, татулыққа шақыру, адамгершілік қасиеттерді әрқашан жадында ұстауға тәрбиелеу.

Көрмеге «Қазақтың ақын жыраулары», Абылай хан энциклопедиясы, Қазақ әдебиеті энциклопедиясы және газет-журнал беттеріне шыққан материалдар оқырмандар назарына ұсынылды.

1521 21454 20180214_105231 фы index