Ғажайып сәуле

       2026 жылдың 5 қаңтар күні қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері Медеу Сапаұлы Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Ғажайып сәуле» әдеби сандық өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, публицист Медеу Сәрсекенің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қаламгер еңбектері арқылы отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараның барысында: кітапханашы әдеби сандықтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып, Медеу Сәрсекенің қазақ әдебиетіндегі орнына қысқаша тоқталды. Қаламгердің өмірбаяны, шығармашылық жолы, журналистика мен көркем проза саласындағы еңбектері туралы мазмұнды ақпарат берілді. Әсіресе, тарихи тұлғалар мен өндіріс тақырыбын арқау еткен шығармалары кеңінен айтылды. Шара соңында «Ғажайып сәуле» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының еңбектері мен ол туралы әдебиеттер таныстырылды. Іс-шарада Медеу Сәрсекенің қазақ әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасы, көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні кеңінен ашылды. Іс-шара оқырмандарға жазушы мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік беріп, әдеби құндылықтарды бағалауға баулыды.