Бас иіп,тағзым етеміз,Алаштың арыстары

2024 жылдың 31 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Бас иіп, тағзым етеміз, Алаштың арыстары» тақырыбында тарихи сағат ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.

       Шара барысында арнайы видеоматериалдар, слайдтар және «Бас иіп, тағзым етеміз, Алаштың арыстары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

 

34  35  36  37