Батыр баба-Бауыржан

        2025 жылдың 24 желтоқсан күні Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай 06708 әскери бөлімінің сарбаздарының қатысуымен «Батырбаба-Бауыржан» атты тарихи-патриоттық кеш өткізілді. Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі - өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, Мәскеу түбіндегі шайқастағы қолбасшылық шеберлігі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Оқырмандарға арналған «Батыр баба-Бауыржан» атты кітап көрмесі таныстырылып, жазушының шығармаларынан үзінділер оқылды. Батырдың нақыл сөздері мен өсиеттері талданып, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Кеш соңында кітапханашы Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өнегелі өмірі – бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі екендігін атап өтті. Іс-шара жас ұрпақтың тарихи санасын нығайтып, отансүйгіштік рухын арттыруға ықпал етті. Батыр бабаның есімі мен ерлігі ел жадында мәңгі сақталатыны ерекше айтылды. Тарихи сағат жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға зор ықпал етті.