Батыр туса – ел ырысы

2025 жылдың 14 қазан күні жазушы, ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Батыр туса – ел ырысы» атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны, жауынгер жазушы Әбу Сәрсенбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, оның елге, ұлтқа сіңірген еңбегін жастарға үлгі ету және патриоттық рухта тәрбиелеу, батырлық пен ерлікке баулу. Іс шараға №1 мектеп оқушылары қатысты.
Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Оқушылар Әбу Сәрсенбаевтың өлеңдерін оқып, оның соғыс жылдарындағы ерлігі мен әдеби мұрасы туралы ой бөлісті.