Әбдіжәміл Нұрпейісов-әдебиет әлемінің майдангері

       2019 жылдың 22 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, М.Шолохов атындағы халықаралық және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ә.Нұрпейісов-әдебиет әлемінің майдангері» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Әбдіжәміл Нүрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы және әдебиет әлемінде алатын орыны, шығармаларының көркемдік ерекшелігін ұғыну;

        Кеш барысында кітапханашы жазушының өмірбаяны, шығармалары, әр жылдардағы еңбектері жөнінде мол мағлұмат берді. Оқушылар «Қан мен тер» романынан үзінділер оқыды. «Әбдіжәміл әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 2 3