Бес асыл іс көрсеңіз

2025 жылдың 6 тамыз күні Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай кітапханада «Бес асыл іс көрсеңіз» атты қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты — Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуына серпін беру және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Абай шығармашылығындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
Биыл еліміз қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы кемеңгер ойшыл, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классигі ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын кең көлемде атап өтілуде.
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай өткен «Бес асыл іс көрсеңіз» атты қалалық Абай оқулары байқауы 2 кезең бойынша өткізілді. Байқау қатысушылары «Өлең сөздің патшасы» атты 1- ші кезеңде Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. «Қара сөз- ғибрат көзі» атты 2 кезеңінде Абайдың қарасөздерінен үзіндіні жатқа оқу орындады.
Әділқазылар алқасы: «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры П.Кенжебекова, Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тіл саясаты бойынша әдіскері М.Уйсимбаева, қалалық кітапхананың кітапханашысы А.Исхакова байқауда қатысушы сайыскерлеріміздің өлең оқу мәнерін, көркем мәтінде оқу шеберлігін, киім үлгісін, сахналық шеберлігін бағалап, әділ бағасын берді.
Қазылар алқасының шешімімен: «Өлең сөздің патшасы» атты 1- ші кезеңде 1 орынды №1 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Б. Жиенбай, 2 орынды №1 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы А.Пахреддин, 06708 әскери бөлімнің сарбазы М.Шариф, 3 орынды 44841 әскери бөлімнің сарбаздары А.Сарсенбай, Д.Орынбасар иеленді.
«Қара сөз- ғибрат көзі» атты 2 кезеңде 1-ші орынды №2 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Ж. Жеңіс, 2 орынды 06708 әскери бөлімнің сарбазы Б.Ықыласов, 44841 әскери бөлімнің сарбазы Н.Умбетов,
3 орынды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Купяшаров иеленді. Қалған қатысушылар: З.Даулетова, Ә.Сәукенов қатысқандары үшін «Алғыс хатымен» және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
Шара барысында «Бес асыл іс көрсеңіз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.